Date of publication: 21.05.2021 12:31
Date of changing: 21.05.2021 12:33

Қазақстан Республикасында қазіргі кезде жеке тұлғалар ЕЭК кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларға өткізетін тауарларды жіктеу өлшемдері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 «Жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жеке тауарларға жіктеу өлшемдерін белгілеу туралы» бұйрығымен белгіленді.

           Тауарлардың сипаты мен санына, сондай-ақ жеке тұлғалар ЕЭК  кедендік аумағына әкелетін тауарлардың қозғалысының жиілігіне байланысты жеке пайдалануға арналған тауарларға мыналар жатады, егер:

  1.  Олардың саны келесілерден аспаса:

4303 10 ТН  ІЭД  ЕЭК тауар позициясында Жіктелген тері (бас киімді қоса) Бұйымдар - бір адамға бір атпен, өлшеммен және фасонмен 1 (бір);  

Ұялы телефон - бір адамға 2 (екі) бірлік;

Планшет - бір адамға 2 (екі) бірлік;

Портативті ноутбук, және оған керек-жарақтар (ноутбук, нетбук) - бір адамға 1 (бір) дана;

Зергерлік бұйымдар- бір адамға 5 (бес) дана;

Велосипед - бір адамға 1 (бір) дана;

Балалар арбасы - бір адамға 1 (бір) дана;

  1. Жеке тұлғаның өту жиілігі және (немесе) тауарларды кедендік шекара арқылы  Кедендік одақ  арқылы өткізу айына 1 (бір) реттен аспайды.