Date of publication: 17.05.2021 17:32
Date of changing: 17.05.2021 17:37

Жеке тұлғалар мен тасымалдаушылардың ЖКД және КҚКД дербес беру мүмкіндігі туралы мәлімет үшін

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, қазіргі таңда egov.kz порталында келесідей мемлекеттік қызметтердің іске асырылғандығын назарларыңызға салады:

- «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау";

- «Көлік құралына кедендік декларацияны қабылдау».

Жеке тұлғалар мен тасымалдаушылардың назарына ЖКД және КҚКД дербес беру мүмкіндігі туралы жеткіземіз. Ол үшін Сізге мемлекеттік кірістер департаментінен "АСТАНА-1" АЖ сыртқы пайдаланушының қолжетімділігін алу қажет.

Жүйе, тек жеке тұлғалармен немесе тасымалдаушылармен декларацияны толтыру мен сақтауға қалыптастырылғанын ескеру қажет. Тіркеу және шығаруды ЖКД және КҚКД ресімдеуді жүзеге асыратын кеден бекеттерінің қызметкерлері жүргізуі қажет.