
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормалары қолданысқа еңгізілген.
Өзгерістер қолданыстағы «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да еңгізіліп банкроттық және оңалту рәсімдеріндегі кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мақсатында жасалған.
Осыған орай, Дүниежүзілік Банк рейтингісінің «Төлемге қабылетсіздікті шешу» индикаторы бойынша Қазақстанның ұстанымын көтеру мақсатында аталған Заңмен Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) келесі өзгертулер енгізілді.
1. Кредиторлар борышкерге оңалту рәсімін қолдану туралы сотқа жүгіну мүмкіндігін енгізу (5 баптың 1 тармағының бірінші бөлімі, 38 баптың 1-1 тармағы, 44 баптың 1 тармағы және 2 тармақтың 12) тармақшасы, 45 баптың 3 тармағы);
2. әкімші өз еркімен тіркеуден шығару туралы өтінішіне оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асырудан өзін шеттету және жаңа кандидатураны таңдау туралы әрбір борышкер бойынша кредиторлар жиналысы хаттамасының көшірмесін қоса беру міндеттілігі (12 баптың 11 тармақтың екінші бөлімі);
3. уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысын рәсім өткізу мерзімінің ұзақтығына қарамастан, рәсімді өткізудің бүкіл кезеңіне белгіленген мөлшерде төленуі (13 баптың 1 тармағы);
4. уәкілетті органның кұзыретінен міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзiрлеу және бекiту құқығын алу (15 баптың 20) тармақшасы);
5. оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралған кезде дауыс беру тәртібі өзгертілді. Оңалту жоспарына өзгерістер енгізу мәселесі қаралған жағдайда дауыс беруге осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында талаптары қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, осындай өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар қатысады.
Кредиторлар жиналысының шешімі сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдауға қатысатын кредиторлар дауыс санының көпшілік дауысымен қабылданады (26 баптың 5 тармағы);
6. кредиторлар жиналысының банкроттық рәсіміндегі өкілеттіктерінен уақытша басқарушыға негізгі сыйақы төлемінің мөлшерін айқындау алынған (подпункт 6) пункта 2 статьи 93);
7. кредиторлар жиналысының банкроттық рәсіміндегі өкілеттіктеріне баланста бар, бірақ түгендеу актісі бойынша жоқ жылжымалы мүлікті есептен шығару туралы шешім қабылдау құқығы берілді (93 баптың 2 тармағының 14-1) тармақшасы);
8. банкроттың мүліктік массасында тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтерді көрсету үшін кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын мүліктік кешен болған кезде, сату жоспарында осындай кешенді бірыңғай лотпен аукционға кемінде екі рет шығару жөніндегі міндетті талап қамтылды (99 баптың 2 тармағының екінші бөлімі).
Осылайша, оңалту және банкроттық саларындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасып кредиторлар талаптарын барынша көп қанағаттандыруды қамтамасыз етуге арналған.
Бұған қосымша, 2014 жылдың 8 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларына» сәйкес банкроттардың мүлкін сату бойынша электронды аукцион www.gosreestr.kz веб-порталы арқылы қызмет жасайды.
Сонымен бірге банкроттардың мүлкін электронды әдіспен кез-келген тілек білдірушілер сатып ала алады.