
Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама нысанына бөлшек салықтың арнаулы салық режимін таңдау мүмкіндігі қосылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 268 бұйрығымен мынадай өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:
1. «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына-бөлшек салықтың арнайы салық режимін қосу бөлігінде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама нысанын өзгерту;
2. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына салық есептілігінің жаңа нысаны (913.00) және оларды жасау қағидалары енгізілді.
Хабарлама нысандарын бекіту туралы бұйрық ҚР Әділет министрлігінде келісілуде екенін ескере отырып, осы уақытқа дейін ақпараттық жүйелерде хабарламаны пысықтауы аяқталған жоқ, осы арнаулы салық режиміне көшуге ниет білдірген тұлғалар Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған нысан бойынша хабарламаны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да, пошта арқылы да немесе тікелей қағаз жеткізгіште Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына ұсына алады.