
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақталған депозитті сатудан түскен кіріс
Жеке тұлғаның жылдық табысына оның табыстарының барлық түрлері, оның ішінде мүліктік кіріс (салық кодексінің 321-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы) енгізіледі.
Жеке тұлғаның салық салуға жататын мүліктік табысына, оның ішінде талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс та жатады (Салық кодексінің 330-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы).
Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс талап ету құқығын басқаға беру құны мен жеке тұлға осындай құқықты алған құн арасындағы оң айырма болып табылады (Салық кодексінің 335-бабының 1-тармағы).
Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын табыстарынан ЖТС есептеу, кейіннен ЖТС бойынша декларацияда көрсете отырып, салық кезеңінде алынған табыстар бойынша жүргізіледі (Салық кодексінің 358-бабының 1-тармағы).
Дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның және резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісін қоспағанда, жеке тұлға дербес салық салуға жататын тиісті кірістің салық салынатын сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жеке тұлға дербес салық салуға жататын жеке тұлға кірісі,
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, кірісті түзету сомасы,
алу
осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген мөлшерде және тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы. (Салық кодексінің 357-бабының 1-тармағы).
Осылайша, жеке тұлғаның салық шегерімдерін, оның ішінде стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар (Салық кодексінің 342-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы).
Стандартты шегерімдер, оның ішінде ең төменгі жалақының бір мөлшері (бұдан әрі - 1 ЕТЖ) болып табылады. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы 12 еселенген АЕМ-ден аспауға тиіс (Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы).
Салық шегерімдерін осы баптың 3 - тармағына сәйкес жеке тұлға дербес салық салуға жататын табыстар бойынша жеке тұлға дербес қолдануға тиіс (Салық кодексінің 342-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы).
Осылайша, талап ету құқығын басқаға беру құны мен жеке тұлғаның осындай құқық алған табыс құны арасындағы оң айырма осындай оң айырма жеке тұлғаның талап ету құқығын басқаға беруден (тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозитті сатудан) түскен табыс түріндегі мүліктік табысы деп танылады.
Салық салынатын ЖТС табысын айқындау кезінде 12 ЕТЖ мөлшерінде стандартты шегерім, егер бұрын қолданылмаған жағдайда, қолданылуға жатады. 240.00 - нысанының 240.00.001 жолында талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс сомасы, ал 240.00.06 жолында 12 ЕТЖ мөлшерінде стандартты салық шегерімінің сомасы көрсетіледі, 240.00.012 жолында бюджетке төленуге жататын ЖТС сомасы көрсетіледі.
2020 жылы мүліктік кіріс алған жағдайда ЖТС бойынша декларацияны (240.00-нысан) табыс ету бойынша міндеттемелер 2021 жылғы 31 наурыздан кешіктірілмейтін мерзімде және 10% ставка бойынша есептелген ЖТС төлеу бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей (2021 жылғы 10 сәуір) тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына (салық кодексінің 362-бабының 1-тармағы, 364-бабының 1-тармағы) туындайды.