Date of publication: 07.04.2021 11:49
Date of changing: 07.04.2021 11:48

Стипендия түріндегі кіріс бойынша

 

Жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде салықтық кезең ішінде:

1) төлем көзінен;

2) жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер түрінде алуға жататын (алған) кірістерінен тұрады. (Салық кодексінің 319-бабының 1-тармағы енгізу туралы Заңның 33-бабында баяндалған редакцияда).

Жеке тұлғаның жылдық кірісіне мынадай кірістерінің барлық түрі кіреді, оның ішінде стипендия түріндегі табыс (салық кодексінің 321-бабының 1-тармағының 11) тармақшасы).

Салық агенті:

Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлеріне және басқа да жеке тұлғаларға төлеуге тағайындаған ақша сомасы салық салуға жататын, стипендия түріндегі кіріс болып табылады. (Салық кодексінің 328-бабы).

Бұл ретте жеке тұлғаның жеке табыс салығы (бұдан әрі - ЖТС) салынуға жататын табыстарынан, оның ішінде білім беру ұйымдарында оқитын тұлғаларға ұйымдар төлейтін Стипендиялар мемлекеттік стипендиялар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде алып тасталады (Салық кодексінің 321-бабының 1-тармағының 11) тармақшасы).

Осылайша, мемлекеттік стипендиялар үшін ҚР заңнамасында белгіленген мөлшерде жеке тұлғаға (студентке) төленетін Стипендиялар төлем көзінен салық салынатын, кейіннен түзетуге жататын осындай жеке тұлғаның табысы болып танылады және тиісінше мұндай табыс ЖТС (240.00) бойынша декларацияда көрсетілуге жатпайды.