
Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар тартуға тыйым салынады
Заңмен мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет өткеру кезінде ерекше талаптар мен шектеулер қойылады.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар анықталған, олар үшін жауаптылығы: мемлекеттік лауазымын төмендету, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту не қызметтен босату түрінде көзделген.
Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің тарапынан мынадай құқыққа қарсы әрекеттер теріс қылықтар болып танылады:
1) ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі;
2) өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы.
Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алу үшін 600 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Құны 2 АЕК-тен жоғары сыйлық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366 (пара алу) және 367 (пара беру) баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Алматы облысы бойынша МКД-нің
Адам ресурстары басқармасының қызметтік тергеу бөлімі




























