Date of publication: 03.03.2021 18:14
Date of changing: 03.03.2021 18:15

Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі енгізілді.

Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі енгізілді. Енді оларға айналымнан 3% мөлшерінде корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу жеткілікті. Бұл шара Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңбрінде енгізіледі және уақытша болып табылады – оның қолданылуы 2022 жылдың соңына дейін жалғасады.
 
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, режим ерікті, ол ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып танылған және осы режимді қолдану мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысымен анықталған қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін көзделген. Ол 2 жылға есептелген.
Салық салу объектісі жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен айқындалатын және шығыстары ескерілмейтін табыс болып табылады.
Режимді қолдану үшін салық салу объектісінен 3% мөлшерінде салықтық мөлшерлеме белгіленген. Салық жеке кәсіпкерлерден жеке табыс салығы түрінде (төлем көзінен ұсталатын салықтардан басқа), сол сияқты заңды тұлғалардан - корпоративтік табыс салығы түрінде түсетін болады.
Салық кезеңі– күнтізбелік тоқсан.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне өтуге ниет білдіргендер декларацияны салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс ететін болады. Олар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды.
Көрсетілген режимге өту үшін салық төлеушіге қолданылатын режим туралы хабарламаны (нысаны қоса жалғанды) салық органына табыс ету қажет. Ауысу қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі.
Ағымдағы сәтте кәсіпкерлер хабарламаны Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған нысан бойынша, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және пошта арқылы немесе тікелей қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына ұсына алады.