
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік кірістер органдарының әлеуметтiк бағыттылығы және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ аясында
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтiк бағыттағы және жұртшылықпен өзара іс-қимылға бағытталған іс-шаралар аясында жұмыстар атқарылып келеді.
Іс-шаралар қамқорлық көмек шеңберінде, ерікті түрде атқарылуда, соның қатарында, өткізілген іс шараларды атап өтер болсақ:
2016 жылдың басынан бері, Қарасай ауданының Абай ауылында орналасқан «Перзент», Талғар қаласында орналасқан «Ковчег» жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйлері тәрбиеленушілеріне арналып өткізілген шаралар, соның ішінде:
6 шы маусым 2016 жылы, қамқорлық көмек шеңберінде «ашық есік күнін», мемлекеттік кірістер органдарының қызметкелерімен кездесуі және жұмыстарымен танысуы өткізілді.
Аталған бiлiм берушiлiк қолдау шеңберінде:
-Балалар салық салу саласындағы негізгі заңнамалық ұғымдарымен, кірістер қызметінің қызықты ерекшеліктерімен таныстырылды, сондай ақ балаларға жалпы салықтарды жинау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын дұрыс қалыптастырылған жұмыстардың мемлекет пен қоғам үшін маңыздылығы туралы ой салу, жеке тұлғалық өсу атмосферасын құру;
- Ерікті түрде балалар үйіне азық-түлік жинағы жиналып табысталды;
- Балалармен бірге мәдени шара ұйымдастыруды мақсатында, «Апорт» сауда-ойын сауық кешені әкімшілігінің қолдауымен Гавай аралында (Аквапарк) 66 баланың демалулары ұйымдастырылды;
-Қасиетті Рамазан айының құрметіне 50 балаға дастархан жайылып, ауыз ашар беріліп, бата оқылды;
Қарасай ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы