Date of publication: 08.02.2021 15:47
Date of changing: 08.02.2021 15:48

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің нәтижелері

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылға арналған мемлекеттік бюджетке түсімдер жоспарын 102,6% - ға асыра орындаумен қамтамасыз етті, болжам бойынша 547,5 млрд.теңге, іс жүзінде 561,8 млрд. теңге түсті.

Түсімдердің 110,3% - ға өсу қарқынына қол жеткізілді және өткен жылдан 52,5 млрд.теңгеге артық өндіріп алынды (2019 жылғы факт-509,3 млрд. теңге).

Республикалық бюджет бойынша жоспар 100,9% - ға орындалды, болжам бойынша 275,4 млрд.теңге, іс жүзінде 2,6 млрд. теңге өсіммен 278,0 млрд. теңге түсті.

Жергілікті бюджет бойынша атқарылу 104,3% құрады, болжам бойынша 272,1 млрд.теңге, іс жүзінде 11,7 млрд. теңге өсіммен 283,8 млрд. теңге түсті.

Салық түсімдерінің және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің болжамды көрсеткіштерін орындау мақсатында Департамент және оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері жалпы 2020 жылы 31,7 млрд. теңгеге қосымша қорлар  іздестіріп алынды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 7,8 млрд.теңгені немесе 32,6% - ды құрады.