Date of publication: 08.02.2021 15:43
Date of changing: 08.02.2021 15:45

Көлік салығын төлеу бойынша ТОП-10 сұрақ-жауап

2020 жылдың көлік салығын төлеу мерзімі жақындап қалды. Барлық лайфхактарды пайдаланып, салықты өздігінен есептеу үшін нені білген маңызды?
Мемлекеттік кірістер комитеті автокөлік иелері үшін көлік салығын төлеуге қатысты ТОП-10 сұрақтың жауабын дайындады. Бұл сұрақтар ҚР ҚМ МКК-нің Байланыс орталығына өте жиі келіп түседі екен.
2020 жылы Комитеттің Байланыс орталығымен салық төлеушілердің 670 мыңнан астам өтініші қаралып, оның 91%-і операторлардың жауабын «өте жақсы» деп бағалаған.
1414 нөміріне қоңырау шалып, қосымша нөмірі «4»-ті басып, Байланыс орталығына хабарласуға болады.