
Үш компонентті интеграцияланған жүйе (ҮИЖ) дегеніміз не?
Үш компонентті интеграцияланған жүйе онлайн БКМ, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелерден (құрылғылардан) (POS-терминал және т.б.), сондай-ақ кәсіпкерлер, әсіресе бөлшек сауда және мейрамхана қызметтері саласында іс жүзінде пайдаланатын тауарларды есепке алатын автоматтандырылған жүйеден (ERP жүйе) тұрады. Бұл ретте осы үш құрауыштың барлығы өзара байланысты болуы тиіс, егер сатылған тауар (ERP жүйесінде) егер ол бойынша БКМ чегі ұрылмаса, қоймадан есептен шығарылмауы тиіс.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 72-1тармақшасына сәйкес үш компонентті интеграцияланған жүйе деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан) (POS терминалдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе болып табылады.
ҮИЖ мүмкіндіктері:
• қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау;
• ҚР ФДО-ға қосылу және оған есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру;
• тауарлардың штрих-кодтарын оқу және ЭШФ АЖ-ға қосылу арқылы ЭШФ қалыптастыру;
• құжаттарды қалыптастыру;
• енгізілетін деректердің толықтығын бақылау;
• қойма және сауда жабдықтарымен жұмыс істеу мүмкіндігі.