Date of publication: 05.02.2021 12:41
Date of changing: 05.02.2021 12:43

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар тарту тыйым салынады

Мемлекеттік қызметшілерге қандай да бір материалдық құндылықтарды сыйға тартуға жол бермеу туралы еске салғымыз келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 6 қазанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Осы Заң сыбайлас жемқорлықтың жүйелі алдын алу бойынша қосымша шараларды енгізуге бағытталған.
Сонымен, бұл шаралардың бірі - мемлекеттік қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар, материалдық сыйақылар мен қызметтер көрсетуге толықтай тыйым салу.
Осылайша, қолданыстағы заңнама мемлекеттік қызметкерлерге олардың қызметтік жағдайына байланысты қандай-да бір бағалы сыйлықтар беруге тыйым салады.
Мемлекеттік қызметшіге жасаған сыйлық қандай жаза әкелуі мүмкін?
Мемлекеттік қызметкерлерге 2 АЕК-тен (5 834 теңге) төмен сыйлық бергені үшін:
- жеке тұлға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (583 мың 400 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады;
- заңды тұлға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2 миллион 187 мың 750 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ал мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алу үшін 600 АЕК (1 миллион 750 мың 200 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Құны 2 АЕК-тен жоғары сыйлық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366 (пара алу) және 367 (пара беру) баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Заңмен мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет өткеру кезінде ерекше талаптар мен шектеулер қойылады.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар анықталған, олар үшін жауаптылығы: мемлекеттік лауазымын төмендету, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту не қызметтен босату түрінде көзделген.