
"E-Salyq Azamat" мобильдік қосымшасында жұмыскерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарап шығуға мүмкіндік беретін "жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу" сервисі іске қосылды.
Қызмет 2020 жылдың 1 тоқсанынан бастап салық кезеңдері бойынша қол жетімді.
Электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS пароль арқылы сәйкестендіріп кірсеңіз, деректер қолжетімді болады. SMS мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.
Деректерді көру үшін "салық әмияны", "қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" қойындысын таңдап, жыл мен кезеңді таңдау керек.
МКК түсіндіргендей, бастапқы кезеңде деректерді жұмыс берушілер бюджетпен есеп айырысу кезінде жалпы белгіленген режимді немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар қарай алады.
Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген жағдайда салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.
"E-Salyq Azamat" тегін мобильді қосымшасын "App Store" немесе "Play Market" - тен жүктеуге болады.