Date of publication: 03.02.2021 15:51
Date of changing: 03.02.2021 15:56

Қазақстан мен Қытай арасындағы кеден статистикасындағы сәйкессіздік 45% дейін төмендеді

Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдірді және тиімсіз тәуекел индикаторларын жаңартты. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев комитеттің 2020 жылға арналған қызметі туралы есеп беру кезінде осылай деді.
Жоғарыда аталған шаралардың арқасында тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі 73% құрады, 53,5 мың бұзушылықтар анықталды. Кедендік тексерулердің жалпы тиімділігі 51% құрайды.
Ол инспекциялық жабдықпен бақылау-өткізу пункттеріндегі кедендік операцияларды бақылау үшін құрылған Ахуалдық орталық ойдағыдай жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.
Рентгендік кескіндерді талдау үшін жасанды интеллект енгізу жоспарлануда.
Кедендік құнын бақылауды орталықтандыру және сыртқы сауда жүктерін материалдық-техникалық жабдықтау шығындарын оңтайландыру мақсатында «Электрондық декларация орталығы» құрылды.
«Бұл жаңашылдықтардың нәтижесі 25 миллиардтан астам теңгені құрады», - деп атап өтті Комитет басшысы.
«Кедендік әкімшілендіру шараларын күшейту арқылы біз Қытаймен кедендік статистиканың сәйкессіздігін 2017 жылы 60% -дан, 2019 жылы 48% -ға, 2020 жылы 45% -ға дейін төмендете алдық», - деді ол.