Date of publication: 29.01.2021 18:07
Date of changing: 29.01.2021 18:08

Сатып алу кезінде чектің берілмегені туралы хабарлама үшін қазақстандықтарға 1000 теңгеден төлейді

 

ҚР Қаржы министрлігі "төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған бақылау-касса машинасын және жабдықты (құрылғыны) қолданудың бұзылу фактілері туралы хабарлаған адамдарға осындай факт расталған жағдайда сыйақы беру қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады.

Ереже сыйақыларды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды көздейді.

Ақшаны алу үшін мобильді қосымша немесе еркін нысандағы өтініш арқылы жергілікті мемлекеттік кірістер органдарына жолдау қажет, онда:

-  бұзушылық фактісін растайтын бейнетіркеу;

- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісін, оның ішінде салық салуға байланысты объектінің мекенжайын, атауын (ол болған кезде), сауда үйіндегі бутиктің және қабаттың нөмірін, нарықтағы орынның нөмірін және т. б. сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат.;

- өтініш берушінің тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның жеке сәйкестендіру нөмірін жазу.

Осы талаптарға сәйкес келмейтін хабарламалар қаралмайды.

Бұзушылық фактісі анықталған жағдайда кәсіпкерлер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 284-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Бұл бапта бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін бұзғаны үшін жаза қарастырылған.

Өз кезегінде бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам бұзушылық фактісі расталғаннан кейін 1000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.

Сыйақы бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам көрсеткен ұялы телефонның теңгеріміне аударылады.

Сыйақыны аудару бұзушылық фактісі расталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.