
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №432-V ҚРЗ Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне кеден өкілдерінің, тасымалдаушылардың, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы иелерінің және УЭО тізіліміне енгізу шартын сақтау бөлігіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Кеден өкілдерінің, тасымалдаушылардың, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы иелерінің және УЭО ретінде қызметті жүзеге асыру үшін, тиісті тізілімдерде тұру шартының бірі болып электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімның) болуы көзделген.
Заңның 15-бабының 10-тармақшасына сәйкес кеден өкілдері, тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы иелерінің және УЭО 2016 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз қызметтерін Заңның талаптарына сәйкес келтіруге тиіс.