
Талғар ауданында заңсыз спирт өнімдерін сатуды анықтады
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен Талғар ауданында бірлескен тексеру шаралары барысында жеке тұлға Н.-ның алкоголь өнімін 800 литр көлемінде тасымалдау және сату фактісін анықтады. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, материал сотқа жіберілді. Сот қаулысы шыққанға дейін жеке тұлғадан спирт тәркіленді.