Сұрақ:Егер пилоттық жоба кезеңінде салық төлеуші ресімдеу тәртібі мен мерзімдерін бұзса, не болады?
Жауап: Пилоттық жобаға қатысушылар пилоттық жоба кезеңінде осы Қағидаларда белгіленген ТІЖ рәсімдеу (растау, қабылдамау) тәртібі мен мерзімдерін бұзған жағдайда, ҚР ҚМ МКК осы Қағидаларға 3 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша "тауарларға ілеспе жүкқұжатты рәсімдеу (растау, қабылдамау) тәртібінің бұзылуы және (немесе) мерзімдері туралы" хабарламаны (бұдан әрі-хабарлама) қалыптастырады.
Хабарлама пилоттық жобаға қатысушыға электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жіберіледі.
Хабарламаны алу, сондай-ақ онымен танысу алушыны ТІЖ алуды рәсімдеуден, растаудан немесе қабылдамаудан босатпайды.