
Дара кәсіпкер ретінде тіркелу
Дара кәсіпкерді ашу үшін дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуіңіз жеткілікті.
Хабарламаны www.egov.kz электрондық үкімет порталында, сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасында жібере аласыз.
Нысанды толтыру кезінде сіз қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған облыстың мемлекеттік кірістер органының кодын, жеке кәсіпкердің атауын, мекен-жайын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, сондай-ақ салық салу режимін таңдауыңызды көрсетуіңіз керек.
Хабарламаға сіздің электронды цифрлық қолтанбасымен қол қою керек.
Келесі күні жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында тексеруге болады.
https://www.instagram.com/p/CIhdLjaHZtW/