
2020 жылдың 3 желтоқсанында дәріхана қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін онлайн конференция өткізілді
2020 жылдың 3 желтоқсанында дәріхана қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін онлайн конференция өткізілді.
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған конференцияға Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Л.Айтахунова, кәсіпкерлер дәріханалар қауымдастығының мүшелері, МКД бухгалтерлері мен мамандары қатысты.
Конференция барысында дәрілік заттар бойынша СЭҚ ТН тауар топтары үшін "Виртуалды қойма" модулі арқылы ЭШФ шығару бойынша міндеттемелерді орындау мәселелері талқыланды. ZOOM мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, кездесуге қатысушылардың бір мезгілде саны бойынша, онлайн конференция Алматы облысының әртүрлі аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының кәсіпкерлері үшін бөлек өткізілді.
Конференцияда шақырылған сарапшылар "Виртуалды қойма"модулі арқылы ЭШФ толтыру тәртібі мен ерекшеліктері, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу бойынша пилоттық жоба туралы мысалдармен әңгімелеп берді.