Date of publication: 26.11.2020 18:28
Date of changing: 26.11.2020 18:29

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасында ТІЖ енгізу қарастырылғанын хабарлайды.

ТІЖ ресімдеу және ресімдеу тәртібін сақтау жөніндегі нормалар Салық кодексінің 176-бабында, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен айқындалған.

 

ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығымен тауарларға ілеспе жүкқұжаттар мен олардың құжат айналымын ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілді.

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылуда:

2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Акцизделетін өнімдер бойынша, электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма арқылы шығарылуға жататын тауарлар бойынша, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі импорттық-экспорттық операциялар бойынша;

2021 жылғы 1 ақпаннан бастап ДСҰ-ны алу тізбесіндегі тауарлар бойынша.

Пилоттық жоба тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) міндетті түрде енгізу сәтіне дейін жүзеге асырылатын болады. Пилотты жүргізу кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.