Date of publication: 24.11.2020 18:44
Date of changing: 24.11.2020 18:45

2020 жылдың 24 қарашасында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеудің пилоттық жобасын енгізу бойынша онлайн конференция өткізді

 

2020 жылдың 24 қарашасында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеудің пилоттық жобасын енгізу бойынша ZOOM конференциясын өткізді.

Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары А.Т.Сауданбековтың төрағалығымен өткен конференцияға Департамент басқармаларының, мемлекеттік кірістердің аумақтық басқармаларының, кеден бекеттерінің басшылары, алкоголь өнімдерін өндірушілер мен көтерме сатушылар, ірі салық төлеушілер, СЭҚ қатысушылары, бухгалтерлер қатысты.

Конференция барысында ТІЖ ресімдеу және оны ресімдеу тәртібін сақтау жөніндегі нормалар талқыланды. ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығымен тауарларға ілеспе жүкқұжаттар мен олардың құжат айналымын ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілді.

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылуда:

2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма арқылы шығарылуға жататын тауарлар бойынша, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі импорттық-экспорттық операциялар бойынша, акцизделетін өнімдер бойынша;

2021 жылғы 1 ақпаннан бастап ДСҰ тізбесіндегі тауарлар бойынша.
Пилоттық жоба тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті түрде енгізу сәтіне дейін жүзеге асырылатын болады. Пилотты жүргізу кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.

Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және жеткізушілер мен сатып алушылармен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған.