Date of publication: 23.11.2020 15:58
Date of changing: 23.11.2020 15:59

Алматы облысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі келді

 

2020 жылдың 20 қарашасында Алматы облысына ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Айдарханов Рустам Рамазанұлы жұмыс сапарымен келді.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің конференц-залында әдеп жөніндегі уәкіл Р. Р. Айдарханов ҚР Қаржы министрлігі жүйесі департаменттерінің басшылық құрамымен кездесу өткізді, оған Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл А. Т.Сауданбеков, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысының м.а. А.М.Мұсабек, Алматы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Қ.Ж.Әлиев, Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Т.Е. Айдарбеков, Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Светлана Сергеевна Лим, Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Б.К.Белгібаева, Алматы облысы қаржы басқармасының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Б.Н. Әбдікәрімов қатысты.

Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоятынын атап өтті. Әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, оларға уақтылы ден қою мәселелеріне көп көңіл бөлді.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қызметтің беделін арттыру қажеттілігі туралы өз ұсыныстарын айтып, мемлекеттік мекемелер ұжымдарындағы салауатты моральдық-психологиялық ахуалдың маңыздылығын атап өтті.

Сол күні Әдеп жөніндегі уәкіл Р.Р.Айдарханов "Нұр-жолы" кеден бекетіне барып, Департаменттің кеден бекеттерінің басшылығымен және "Нұр-жолы" кеден бекетінің ұжымымен кездесу өткізді.