
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жалпыға бірдей декларациялау» Салық кодексінің 71-тарауы қолданысқа енгізіледі
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) (бұдан әрі - енгізу туралы Заң) қолданысқа енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121 – VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «жалпыға бірдей декларациялау» Салық кодексінің 71-тарауы қолданысқа енгізіледі.
Енгізу туралы Заңның 45-1-бабының негізінде жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі.
Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу туралы Заңның 45-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының 31 желтоқсанында мынадай жеке тұлғалар:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырады;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі - сайлау туралы Заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң, Банктер туралы Заң, сақтандыру қызметі туралы Заң, бағалы қағаздар нарығы туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдардың.
Аталған санаттағы адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 27-бабында баяндалған 11-баптың 2-тармағының негізінде, сондай-ақ енгізу туралы Заңның 33-бабында баяндалған редакцияда қолданыстағы Салық кодексінің 363-бабының 2-тармағына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларацияны (230.00 СЕН) табыс ететіні белгілі.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның 27-бабында баяндалған 11-баптың 2-тармағының нормасы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Осылайша, жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсынуға байланысты кірістер мен мүлік туралы декларацияны (230.00 СЕН) ұсыну жөніндегі талаптар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.
Егер жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша (СЕН 250.00) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам, сайлау туралы Заңға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға, банк Заңына, сақтандыру қызметі туралы Заңға, бағалы қағаздар нарығы туралы Заңға сәйкес декларацияны табыс ету, болса, онда оның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (СЕН 250.00) 15 шілдеден кешіктірмей қағаз жеткізгіште не 15 қыркүйектен кешіктірмей электрондық түрде, бұрын ұсынылғанның орнына (СЕН 230.00) ұсыну бойынша міндеттемелері туындайды.
Жеке тұлға дербес салық салуға жататын табысты алған жағдайда, мұндай жеке тұлғада ЖТС (СЕН 240.00) бойынша декларацияны табыс ету бойынша міндеттемелер қарастырылады. Салық Кодексінің 364-бабы 1-тармағына сәйкес ЖТС (СЕН 240.00) бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.