Date of publication: 03.11.2020 18:10
Date of changing: 03.11.2020 18:11

Көлік салығының борыштары бойынша рейд нәтижелері

2020 жылдың 31 қазан және 1 қараша аралығында Қапшағай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен бірлесіп көлік құралдарына салынатын салық бойынша қарызды өтеу мақсатында бірлескен рейдтер өткізді.
Рейд барысында 12 борышкер анықталып, 2 автокөлік арнайы автотұраққа шығарылып, 2 автокөлік иелері қарыздарын сол жерде өтеп, темір тұлпарларын алып кетті.
Рейд нәтижесінде 12 борышкерден 12 борышкер 78,5 мың теңге сомасына көлік құралдары бойынша өз қарызын өтеген.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды күтпестен өз еркімен өтеуін сұрайды, бұл жеке сот орындаушыларының қосымша шығындарын төлеуден үнемдеуге мүмкіндік береді.
Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы МКК сайтында немесе келесі сілтеме бойынша өтіп біле алады: https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталғанын ескертеді.
Алматы облысының тұрғындары жеке тұлғаларға салынатын салықтары бойынша барлық сұрақтар жөнінде тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына немесе облыстық МКД өндірістік емес төлемдер басқармасына телефон арқылы хабарласа алады 8 /728-2/- 60-11-97, 8-/728-2/-60-11-46.