
Салық төлеу процесі одан да жеңілдеп, бұрын талап етілген төлем құжаттары қысқарды. Бұл «Е – Salyq» мобильді қосымшасындағы «Салық әмияны» қызметінің арқасында мүмкін болды, оны «App Store» және «Play Market» - тен жүктеуге болады.
Салық төлеу процесі одан да жеңілдеп, бұрын талап етілген төлем құжаттары қысқарды. Бұл «Е – Salyq» мобильді қосымшасындағы «Салық әмияны» қызметінің арқасында мүмкін болды, оны «App Store» және «Play Market» - тен жүктеуге болады.
⠀
Казіргі таңда инновацияны – 7 090 адам пайдаланды. Олар өздерінің жеке шоттарын – 22,9 миллион теңгеге толтырды.
⠀
«Салық әмияны» қызметіне қаражат жіберу арқылы салық төлеуші бірқатар жеңілдіктерге ие болды, мысалы:
⠀
- «Салық әмиянынан» салық берешегін автоматты түрде есептен шығару;
- қарыз сомаларын бір салықтан екінші салыққа автоматты түрде аудару;
- төлем туралы хабарлама алу;
- негізсіз салық санкцияларын алып тастау;
- қате төлемдерді жою;
- салық салу объектілерін қарау.
Сондай-ақ, «Е – Salyq» мобильді қосымшасында азаматтарға ыңғайлы болу үшін жол полициясы органдарында тіркеу есебінде тұрған көлік құралдары бойынша деректерді қарауға, салықтың қандай көлік құралдарымен есептелгенін көруге мүмкіндік бар.
⠀
Бұл қызмет сізге көлік құралының сипаттамаларын өзгертуді қосқанда, оны атынан шығаруға (сатуға) байланысты көлік құралын мәліметтер базасынан шығарып тастау үшін онлайн режимінде жүгінуге мүмкіндік береді.
⠀
Іске қосылғаннан бастап, ағымдағы жылдың 19 қазанына дейін – 7 493 адам түзету мүмкіндігін пайдаланды, оның – 7 312-сі көлікке, 117-сі мүлікке қатысты.
⠀
Интерфейсте тиісті сату құжаттарын немесе көлік құралының деректерін түзету жеткілікті. Бірнеше күн ішінде ақпарат түзетіледі.
⠀
Сонымен қатар, 30 маусымнан бастап – 507 салық төлеушілер артық төлемдерді басқару қызметін қолданып үлгерді. Олар салықтардың басқа түрлері бойынша бұрыннан бар артық төлемдерден – 19,4 миллион теңге көлемінде салық төледі.
⠀
Жалпы, порталға кіріп, мобильді қосымшаны – 96 263 адам жүктеп үлгерді.
⠀
Төленуге жататын көлік салығының сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталы, egov.kz электронды үкімет порталы, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша аудандық Мемлекеттік кірістер басқармалары арқылы білуге болады.
⠀
#ҚРҚММКК #САЛЫҚ #eSalyq #СалықӘмияны