
Кеден саясаты мен рәсімдерін оңтайландыру-экономиканы реформалаудың аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қаржы министрлігі салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша жұмысты бастады, оның мақсаты салықтық және кедендік әкімшілендірудің бизнес-процестерін автоматтандыру болып табылады. Жоба негізіне жаңа стратегиялық модель - адал Бизнестің тыныс-тіршілігіне араласпау және мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы платформасында бюджеттің кіріс базасын қалыптастыру жатады. Жоба 2 бағыттан тұрады – кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және электрондық кедендік декларациялауға көшу және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру.
Бірінші бағыт-кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және электрондық кедендік декларациялауға көшу жоба шеңберінде екі тәсіл іске асырылатын болады: Электрондық декларациялау бөлігінде "АСТАНА-1" АЖ құру; Экспорт-импорт операциялары бойынша Е-терезе құру.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қаржы министрлігі Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау және кедендік рәсімдерді жүргізуді қысқарту мақсатында 2017 жылғы 1 қазаннан бастап ҚР ҚМ МКК АЖ-да "Кедендік транзит" кіші жүйесі енгізілді, 2018 жылғы 1 сәуірден бастап "Экспорт" кедендік рәсімі бойынша "Кедендік декларациялау" кіші жүйесі енгізілді және 2018 жылғы 1 сәуірден бастап қалған кедендік рәсімдер бойынша "Кедендік декларациялау" кіші жүйесі енгізілді. Тауарларды электрондық нысанда декларациялау тәуекелдер болмаған кезде тауарларды кедендік тазарту уақытын 1 минутқа дейін төмендетуге, СЭҚ қатысушылары мен мемлекеттік органдар үшін уақыт және қаржы шығындарын қысқартуға, мемлекеттік органдар мен СЭҚ қатысушылары арасындағы байланысты барынша азайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілер де, СЭҚ қатысушылары да тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына жол бермейді, бұл сайып келгенде Қазақстанның халықаралық кеден рейтингтерін арттырады. Электрондық декларациялауды жүргізу сондай-ақ кеден органдарына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпаратты элекрондық форматта алуға мүмкіндік береді, бұл кеден органдарына тәуекелдерді бағалауға және тауарларды ЕАЭО кедендік аумағына келгенге дейін кедендік қарсы көрсетудің объектілерін, нысандарын және кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды таңдау туралы алдын ала шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
«Алтынкөл-жол кеден бекеті»
Болатханов А.