
Темекі бұйымдарын таңбалау
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуіріндегі № 544 Заңының (бұдан әрі - Заң) 31-бабының 2-1) тармағына, сонымен қатар, «Темекі бұйымдарын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйегідегі № 862 бұйрығына сәйкес келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысымен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы болып айқындалды.
Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі темекі бұйымдарының өндірушіден тұтынушыға дейінгі айналымының барлық кезеңдерін қамтиды. Әр кезеңде субъектілер таңбалау кодын оқуды жүзеге асырады, темекі бұйымдары тұтынушыға өткізілгеннен кейін код айналымнан шығарылады. Бұл ретте, темекі бұйымдарының айналымына қатысушыларда кодтарды оқуға арналған 2D сканерлер болуы тиіс.
Осыған байланысты, 2020 жылғы 1 қазаннан бастап темекі өнімдерін өткізетін субъектілер темекі өнімдерін сканерлеу құралдарын (сканерлер немесе камерамен жабдықталған әмбебап бағдарламалық қамтамасыз ету) пайдалануы қажет екенін еске саламыз.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байланыс телефондары: 8(7282)601147, 8(7282)601148, 8(701)7945530