Date of publication: 25.09.2020 12:59
Date of changing: 25.09.2020 13:00

Салық рақымшылығын пайдаланыңыз!

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

Алматы облысы бойынша жеке тұлғалар берешегінің жалпы сомасы 5,0 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде негізгі қарыз 4,4 млрд. теңге, өсімпұл 0,7 млрд. теңгені құрайды. Жалпы 770 839 жеке тұлғаның жеке тұлғалардың меншігіне салынатын салықтар бойынша 1 525 386 салық салу объектісі бар, оның ішінде көлік – 552 605, жер – 514 830, мүлік – 457 951. Жыл басынан бері Меншікке салынатын салық бойынша түсім 2,8 млрд теңгені құрады.

Қарыздың көп бөлігі көлік салығына тиесілі бұл 5,0 млрд теңгені құрап отыр. Көлік құралдарына салынатын салық бойынша қарыздың жоғары болуының себебі ТЖ режимі жарияланғаннан және карантин енгізілгеннен бастап мемлекеттік кірістер органдары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбаған.

Осыған байланысты, қарызы бар барлық азаматтарды осы жылдың соңына дейін жүргізілетін салықтық рақымшылық жасауды пайдалануға шақырамыз", — деді салық төлеушілерге облыстық МКД.

Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Айыппұл автоматты түрде есептен шығарылады.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 сәуірінен кейін өткен салық кезеңдері үшін негізгі қарыз бен өсімпұл сомасын төлеген азаматтар мемлекеттік кіріс органдарына өтініш беру арқылы енгізілген қаражатты қайтара алады немесе бұл ақшаны болашақ төлемдер есебіне қалдыра алады.

Салық бойынша берешектің болуы/болмауы туралы мәліметтерді esalyq mobile (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасының көмегімен, сондай-ақ ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында тексеруге болады.