Date of publication: 24.09.2020 11:43
Date of changing: 24.09.2020 11:51

«Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті БКМ фискалдық түбіртекті бермеу фактілерін анықтау бойынша “ Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет” акциясының пилоттық жобасын жүргізудің жалғасуы туралы хабарлайды.

“ Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет” акциясына кез келген адам қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.

Фискалдық чек берілмегендігі туралы фактілерді App Store және Play market-тен тегін мобильді «Wipon» қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға болады және фискалдық чек бермеу фактісі расталған жағдайда телефон балансына сыйақы (1000 теңге) алуға болады.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге, заңды бұзуға мүлдем төзбеушілік танытуға және “ Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет”  акциясына белсенді қатысуға шақырады.