
Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу мерзімі 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылды
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің ағымдағы жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысының 1-тармағының 1-абзацына өзгеріс енгізілуіне байланысты, яғни Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылғанын, хабарлайды.
Бұрын мерзім 2020 жылдың 01 қыркүйегіне дейін белгіленген болатын.
Мерзім 2020 жылдың 01 қыркүйегінен 2021 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды.
Мемлекеттік тіркеу үшін алым мен мемлекеттік баждар төлей отырып, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген, жүргізу органдары сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу мерзімі 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылды.