
Өзін-өзі басқарудың дербес бюджеттерін
кезең-кезеңменен енгізу
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті төмендегі ақпаратты хабарлайды.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңмен жергілікті бюджеттен түсімдерді беру есебінен жергілікті өзін - өзі басқарудың дербес бюджеттерін кезең-кезеңмен енгізу көзделген:
6 салық түрі бойынша:
- төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша ЖТС (КБК 101202);
- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (БСК 104102);
- елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы (БСК 104302);
- заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық (БСК 104401);
- жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық (БСК 104402);
- сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем (КБК 105430),
және салықтық емес түсімдерді:
- (мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға беруден) түскен кірістер;
- жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары;
- "Әімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімдермен алынатын айыппұлдар»;
- коммуналдық меншікті сатудан түсетін кірістер;
- аудандық бюджеттен түсетін трансферттер.
Алматы облысының аумағында 251 ауылдық кенттік округ орналасқан, оның 186 ауылдық округы 2018 жылы, қалған 65 ауылдық округтары 2020 жылдан бастап жергілікті өзін - өзі басқару дербес бюджеті деңгейіне берілген, олардың әрқайсысына автоматты түрде АОК (ауылдық округтің коды) берілді.
01.09.2020 ж. жағдай бойынша Алматы облысының жергілікті өзін - өзі басқарудың дербес бюджетіне жалпы сомасы 4 901,6 млн. теңге салық түсті.
Дербес бюджеттерге түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында салық есептілігіне "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппаратының БСН (Бизнес сәйкестендіру нөмірі) " жаңа алаңы қосылды, жергілікті өзін - өзі басқарудың дербес бюджеті деңгейінде дербес шоттарды ашу модификацияланды және іске қосылды, салық есептілігі нысандарынан есептеулерді қабылдау және өңдеу, жеке тұлғалардың салықтар бойынша есептеулер тізілімі, ЕДБ ақпараттық жүйелерінен төлемдерді қабылдау (жергілікті өзін - өзі басқарудың дербес бюджетінің кодтарын ескере отырып) енгізілді.
Жергілікті өзін - өзі басқарудың дербес бюджетін жергілікті қоғамдастық жиналысында талқыланғаннан кейін аудандық мәслихат бекітеді, ал бюджеттің орындалуы ауыл әкімінің аппаратына жүктелген. Яғни, әкімдік жергілікті қоғамдастықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының; мәдениет мекемелерінің, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау қызметін қамтамасыз етуге, жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасауға, автожолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау; елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және басқалар бюджет шығыстарын жоспарлайды.
Кgd.gov.kz ақпараттық ресурстық - анықтамалар бөлімінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының (МӘМ) атауларының тізбесі және жергілікті өзін - өзі басқарудың дербес бюджетінің 6 таңбалы коды орналастырылған.
Осыған байланысты, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық төлеушілерге ескертеді!
Жоғарыда көрсетілген жергілікті бюджетке түсетін салық түрлерін төлеу кезінде әр салық төлеуші өзі тұрғылықты тіркеу есебінде тұрған ауылдық округінің 6 таңбалы кодын көрсетуді ескертеді.