Date of publication: 19.08.2020 17:57
Date of changing: 19.08.2020 17:58
Тауарлардың кедендік құнының әдістері
 

     "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-72 баптар бойынша тауарлардың кедендік құнының белгілеу үшін келесі әдістермен қолданылады:

1) Әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің құны жөніндегі әдіс (1-әдіс)

2) Бірдей тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс (2-әдіс)

3) Біртекті тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс (3-әдіс)

4) Шегеру әдісі (4-әдіс)

5) Қосу әдісі (5-әдіс)

6) Резервтік әдіс (6-әдіс)

 

Ұғымдардың маңызы:

   бірдей тауарлар – барлық жағынан, оның ішінде физикалық сипаттары, сапасы және беделі бойынша бірдей тауарлар. Тауарлардың сыртқы түріндегі елеусіз айырмашылықтар, егер басқа қалған жағдайда бұл тауарлар осы абзацта көзделген талаптарға сәйкес келсе, тауарларды бірегей емес деп тану үшін негіз болып табылмайды. Егер тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, бағаланатын тауарлар (бұдан әрі осы тарауда – бағаланатын тауарлар) сияқты сол елде өндірілмесе немесе егер осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік әрлеу, дизайнын, эскиздері мен сызбаларын әзірлеу және өзге де сол сияқты жұмыстар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орындалған болса, ол тауарлар бірегей болып есептелмейді. Тауарларға қатысты "өндірілген" ("өндірілді") деген ұғымның "өндіріп алынған", "өсірілген", "жасалған (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бұзу жолымен жасалған)" деген мағынасы да бар. Бағаланатын тауарларды өндірушіден басқа тұлға өндірген бірегей тауарлар, сол өндірушінің бірегей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға болмайды деп есептелген жағдайда ғана бірегей тауарлар деп қарастырылады;

     біртекті тауарлар – барлық жағынан бірдей болып табылмайтын, бірақ ұқсас сипаттамалары бар ұқсас құрамбөліктерден тұратын және осындай бағаланатын тауарлар сияқты функцияларды орындауға мүмкіндік беретін және олармен коммерциялық тұрғыда өзара ауыстыруға болатын материалдардан жасалған тауарлар. Тауарлардың біртекті болып табылатындығы анықталған кезде сапасы, беделі және тауар белгісінің болуы сияқты сипаттамалары ескеріледі. Егер тауарлар бағаланатын елде өндірілмесе немесе егер осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік әрлеу, дизайнын, эскиздері мен сызбаларын әзірлеу және өзге де сол сияқты жұмыстар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орындалған болса, тауарлар біртекті болып есептелмейді. Тауарларға қатысты "өндірілген" ("өндірілді") деген ұғымның, "өндіріп алынған", "өсірілген", "жасалған (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бұзу жолымен жасалған)" деген мағынасы да бар. Бағаланатын тауарларды өндірушіден өзге тұлға өндірген біртекті тауарлар, сол өндірушінің біртекті тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға болмайды деп есептелген жағдайда ғана біртекті тауарлар деп қарастырылады;