
Алматы облысында 2020 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өтті
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2020 жылдың 3 тамызында сағат 15.00-де 2020 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.
Кеңес онлайн режимінде өткізілді. Мәжілісті Департамент басшысы С.А.Дынбаев ашып, алқа отырысының күн тәртібін жариялады, қатысушыларға ҚР ҚМ МКК және ҚР ҚМ Алқасының соңғы отырысының нәтижелерін жеткізді, ҚР ҚМ МКК хаттамалық нұсқауларына тоқталды.
ҚР ҚМ МКК Төрағасы орынбасарының м.а. А.З. Мекебеков 2020 жылдың 2 жартыжылдығына арналған рейтингтік көрсеткіштер мен міндеттерге тоқталды.
Отырысқа Департаменттің мамандандырылған басқармаларының және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары қатысты.
Алқа отырысы барысында бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы және қосымша резервтерді анықтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау туралы, салықтық әкімшілендіру қызметінің қорытындылары, сыбайлас жемқорлық ахуалының жай-күйі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жақсарту жөніндегі шаралар туралы баяндамалар тыңдалды, сондай-ақ өткен алқаларда берілген тапсырмаларды орындау және жылдың соңына дейін жоспарланған іс-шаралар бойынша МКК басшылары тыңдалды.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша Департамент басшысы С.А.Дынбаев бюджетті атқару, электрондық түрдегі қызметтер үлесін арттыру, онлайн БКМ тіркеу, қосымша резервтерді іздестіруді ұлғайту бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.
Алматы облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы