Date of publication: 06.05.2016 14:38
Date of changing: 06.05.2016 14:39

Қылмыстық жолмен алынған  кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы ic-қимыл саласында қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті 2016 жылдың 20 cәyipiнeн бастап Қазақстан Республикасынның «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы ic-қимыл туралы» Заңына (будан әpi - АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерістер енгізуімен байланысты, қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі туралы хабарлайды.

АЖ/ТҚҚ Заңының 3 бабы 1 тармағы келесі мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларымен толықтырылды:

-  лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

-  ломбардтар;

-  бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және занды тұлғалар;

-  жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

-  төлемдер қабылдау бойынша операторлары.

Адвокаттарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

Осы баптың 1-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері туралы тиісті мәлиметтерді уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынады.

Қосыша ақпарат aлy үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің (www.kfm.gov.kz) ресми сайтына өтініз немесе 8(7172) 74-97-52, 74-97-49, 74-97-39 «Қолдау қызметі» телефоны арқылы хабарласыңыздар.