
2018 жылғы 16 тамыздан бастап, біріншіден сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына қолайлы жағдай жасау мақсатында, сонымен қатар «Алтынкөл-жол» кеден бекеті қызметкерлері, теміржол көлігі тасымалдаушысы «ҚТЖ-Грузовые перевозки» АҚ-ның филиалы Алтынкөл станциясы жұмысшылары және Алтынкөл станциясында орналасқан кеден өкілдері қызметкерлері тарапынан сыбайлас-жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында, «Алтынкөл-жол» кеден бекеті басшылығының, МКД басшылығының ұсынысымен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында «Алтынкөл-жол» кеден бекетінде тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау процессінің жүргізілуі туралы «Теміржол көлігімен тасымалданатын кедендік транзит рәсімі бойынша шығарылған тауарлар тізімі» парақшасын іске қосу туралы шешім қабылданды «СЭҚ Катысушысы» бөлімінде (alm.kgd.gov.kz).
Сол уақыттан бастап күнделікті, жоғарыда айтылған Департамент сайтының қосымшасына, өткен тәулікте «Алтынкөл-жол» кеден бекетінде шығарылған тауарлар мен көлік құралдары туралы мәлімет орналастырылады.
«Алтынкөл-жол» кеден бекетінде Евразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы теміржол көлігімен тасымалданатын, Европа, Орта Азия және Парсы шығанағында орналасқан мемлекеттерге бағытталған тауарлар декларацияланады.
Департаменттің осы сайтының қосымшасына декларант, тасымалдаушы және басқада тауарға қатысты өкілеттілігі бар тұлғалар, интернет жүйесі байланысы бар әлемнің кез-келген жерінен кіріп, тауарлар мен теміржол көлік құралы туралы мәлімет ала алады.
Қазіргі уақытта Департамент сайтындағы осы парақшадағы мәліметтерді көптеген сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары қолданып, Департамент мекен-жайына өздерінің оң пікірлерін жолдауда.