
Пресс-релиз "Нұр Жолы" КБ-дегі жағдай туралы»
Заңсыз жағдайлардың туындауын, сондай-ақ үшінші тұлғалар тарапынан арандатушылық әрекеттердің алдын алу үшін "Нұр Жолы" кеден бекетінде көлік құралдарының өту жолдарында (кіру және шығу кезінде) бейнеақпаратты онлайн режимде қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін 4 бейнебақылау жүйесі орнатылды, олар ҚР ҚМ МКК Ахуалдық орталығына тікелей шығарылды.
Сондай-ақ, кеден бекетінің лауазымды тұлғалары тарапынан олардың құқықтары бұзылған жағдайда және осы бекетте заңсыз іс-әрекет болған жағдайда, тасымалдаушыларды департамент және ҚР ҚМ МКК байланыс орталықтарына олардың өтініштеріне хабарлау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Хабарлама электронды бақылау тақтасының көмегімен мәтіндік форматта, сондай-ақ қатты байланыс арқылы жіберіледі.
Сонымен бірге, қазіргі уақытта кеден бекетінің лауазымды тұлғалары адамдары ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірге автокөлік құралдары жүргізушілерімен және бизнес өкілдерімен Қытай жағында болып жатқан жағдайды нақты көрсете отырып, көлік құралдарының жинақталу себептерін түсіндірумен әңгімелер жүргізуде.
ҚР-да коронавирустың таралуына байланысты Қытай тарапы шекарада бақылауды күшейтіп, қазақстандық көлік құралдарын кіруін 5-10 көлік құралдарына дейін шектеді.
Мемлекеттік кірістер комитеті, Мемлекеттік кірістер департаменті және ҚР ҰҚК Шекара қызметі тарапынан қытайлық тараппен жүргізген келіссөздердің нәтижелері бойынша қазақстандық автокөлік құралдарының санын күніне 100-ге дейін көбейту туралы келісімге қол жеткізілді.
2020 жылғы мамырда өткен жұмыс кездесуінде қытай тарапының өкілдері тауарларды қытай автокөліктерімен тасымалдап «Нұр Жолы» кеден бекеті аумағында қазакстандық автокөліктерге тиеп өткізу жобасын іске қосуды өтінді.
Осы мәселені жан-жақты зерттеу нәтижелері бойынша біз осы жобаны жүзеге асыруға дайын екенімізді білдірдік, алайда, қытай тарапының соңғы ақпаратына сәйкес, Қытайдан Қазақстанға тасымалданатын тауарлардың аздығына байланысты оны іске асыру қытай тарапының бастамасы бойынша кейінге қалдырылды.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 8 728-2-24-35-22 сенім телефоны жұмыс істейді.