
Армениядан әкелінген көлік құралдары иелерінің назарына!
«Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына сәйкес Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасына әкелінген басқару органдары сол жақты орналасқан көлік құралдары мемлекеттік тіркеу үшін алым мен мемлекеттік бажды төлей отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелуге жатады.
Көлік құралын тіркеген жағдайда кедендік төлемдерді, механикалық көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алымды және қайта өңдеу жинағы алымын төлеу қажеттілігінің жоқтығын көрсетеміз. Бұл ретте меншік иесі көлікті бастапқы тіркеу туралы шешім қабылдаған жағдайда көлік құралының иесінде жоғарыда көрсетілген төлемдерді төлеу бойынша міндеттеме туындайды. Көлік құралын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету кезінде мұндай міндеттемелер туындамайды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес көлік құралы тіркелген сәттен бастап көлік құралдарына салық салу объектісі болып табылады, өйткені көлік салығын төлеушілер жеке меншік негізінде салық салу объектілері бар жеке тұлғалар болып табылады, бұл ретте салық салу объектілеріне Қазақстан Республикасында тіркелген және (немесе) есепте тұрған автокөлік құралдары жатады.
Жоғарыда көрсетілген төлемдерді ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында, еGov.kz, порталда электрондық түрде, екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және басқалары) төлеуге болады.