
Комитет порталында «Жеңілдіктерді қолдануға құқығы бар салық төлеушілерді іздеу» сервисі жарияланды.
Салық саясаты мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан әрі шаралар туралы» Жарлығы шеңберінде қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын іске асыру мақсатында салық төлеушілердің 2020 жылға салықты есептеу кезінде жеңілдік қолдануға құқығы бар салық, салық салу субъектілері мен объектілерінің тізбесі бекітілді.
Салық төлеушінің салықтарды есептеу кезінде қолдануға құқығы бар салық жеңілдіктерін қарауға ыңғайлы ету үшін Комитет порталында «Жеңілдіктерді қолдануға құқығы бар салық төлеушілерді іздеу» сервисі жарияланды. Осы сервис арқылы салық төлеуші қандай жеңілдіктерді қолдануға құқылы екенін көре алады.
Қосымша ақпарат алу үшін пайдаланушыға kgd.gov.kz порталының «Электрондық сервистері» бөлімінің «Жеңілдіктерді қолдануға құқығы бар салық төлеушілерді іздеу» сервисіне кіріп енгізіп, өз ЖСН-ін енгізуі қажет. Бұдан әрі 2020 жылға салықты есептеу кезінде салық төлеуші қолдануға құқығы бар жеңілдіктер бойынша тиісті ақпарат бейнеленеді.
Егер салық жеңілдігін қолдануға құқығы бар салық төлеуші осы сервисте өзін таппаған жағдайда, ол кеңес алу және жеңілдігін растау үшін орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына жүгінуі қажет.
Жеңілдіктер расталған жағдайда, осы салық төлеуші бойынша ақпарат жаңартылады және kgd.gov.kz. порталының аталған сервисінде орналыстырылады.
Сайтта орналастырылған салық төлеушілердің тізбесі аумақтық департаменттер ұсынған мәліметтер негізінде апта сайын жаңартылады.