Date of publication: 29.05.2020 11:25
Date of changing: 29.05.2020 11:27

Телефон теңгерімін толтыру арқылы жылдам жүлделердің иегері болға асығыңыз!

"Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал" акциясы 12 мамыр мен 1 желтоқсан аралығында өтеді. Оның қатысушысы болу үшін, "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өз сатып алуларының фискалдық чектерін қосымшаға енгізе бастаңыз. App Store және Play Market бар.
Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі сомаға телефон теңгерімі түрінде лезде жүлде ұтып алады. Барлық жіберілген чектер акцияның басты жүлдесі ұтыс ойынына қатысады.
Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық чек және т.б.) бар фискалдық чектер ғана қатысады.
Бұл ретте әрбір жіберілген чек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар чекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады.
Демек, чектер көп жіберілген сайын, қатысушылар жүлделер мен автомобильді ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Барлығына сәттілік тілейміз.