
Телефон теңгерімін толтыру арқылы жылдам жүлделердің иегері болуға асығыңыз!
Бір апта ішінде Алматы облысының 10 қатысушысы «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» Акциясының жеңімпаздары болды.
Сонымен, Алматы облысының 10 тұрғынына сәттілік серік болып, науқанға қатысып, оны ұтып алу арқылы телефон теңгерімін 5000 теңгеге дейін толықтырды.
Олардың қатарында Талғар ауданының 2, Іле ауданының 1, Балқаш ауданының 2, Ақсу ауданының 2 және Талдықорған қаласының 2, Текелі қаласының 1 қатысушы бар.
Талғар ауданының тұрғыны, Ержан есімді акцияға қатысушы қуанышымен бөлісті: Мен 300 теңге тұратын тауар сатып алдым, жеңіп қалармын деген оймен түбіртекті өткізіп көрдім. Мен ұттым! Жеңіп алып, телефонның теңгерімін 1000 теңгеге толтырдым. Ұтылған сома сол арада түседі. Мен мұндай мүмкіндік болғанына қуаныштымын, әрі қарай акцияға қатысамын », - деп бөлісті Ержан.
"Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал" акциясы 12 мамыр мен 1 желтоқсан аралығында өтеді. Оның қатысушысы болу үшін, "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өз сатып алуларының фискалдық чектерін қосымшаға енгізе бастаңыз. App Store және Play Market бар.
Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі сомаға телефон теңгерімі түрінде лезде жүлде ұтып алады. Барлық жіберілген чектер акцияның басты жүлдесі ұтыс ойынына қатысады.
Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық чек және т.б.) бар фискалдық чектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген чек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар чекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады.
Демек, чектер көп жіберілген сайын, қатысушылар жүлделер мен автомобильді ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Барлығына сәттілік тілейміз.