Date of publication: 22.05.2020 17:28
Date of changing: 22.05.2020 17:29

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшының орынбасары тағайындалды

 

2020 жылдың 22 мамырында Департамент басшысы Сырым Амангелдіұлы Дынбаев Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшының орынбасары Айтахунова Ляззат Сағынбекқызын таныстырды.

Айтахунова Ляззат Сағынбекқызы, 1971 жылы туған, еңбек жолын 1988 жылы бастаған, әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2015 жылдың 31 желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы лауазымында жұмыс атқарды.

2020 жылдың 22 мамырында ҚР ҚМ МКК Төрағасының 2020 жылдың 22 мамырындағы № 158-Ж бұйрығымен Айтахунова Ляззат Сағынбекқызы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары болып тағайындалды.