Date of publication: 12.05.2020 15:26
Date of changing: 12.05.2020 15:29

Назар аударыңыз! Алматы облысы мен Талдықорған қаласының тұрғындарын "Қоғамдық бақылау" жобасына қатысуға шақырамыз!

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті фискалдық түбіртектерді бермеу фактілерін анықтау бойынша республикалық «Қоғамдық бақылау» пилоттық жобасы жүргізіліп жатқанын еске салады.
Жобаға сәйкес түбіртектің бермеу фактісі туралы ақпаратты хабарлаған тұлғаларға сыйақы төлеу (ұялы телефон балансын толтыру) жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау – кассалық машиналарының фискалдық түбіртектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша пилоттық жобаға қатысты барлығы 6984 өтініш келіп түскенің хабарлайды.

2019 жылы акция өткізу барысында азаматтардың хабарламалары бойынша 940 бұзушылық фактісі расталып, 940 мың теңгеге сыйақы төленді.
Оның ішінде Алматы облысы 55 факті расталды.

Барлық келіп түскен өтініштер өңдеуге түседі: кәсіпкердің деректері, фискалдық түбіртектерді бермеу фактілері мен себептері тексеріледі.
Тартылатын адамның түсініктемелері, жәбірленушінің, куәлардың айғақтары, сарапшының, маманның қорытындылары мен айғақтары, заттай дәлелдемелер, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де құжаттар, хаттамалар және ӘҚБтК-де көзделген іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары жауапкершілікке тарту үшін дәлелдеме болып табылады.

Сондықтан, сатушының БКМ түбіртегін беруден бас тарту фактісі бойынша бейнесі түсірілген, дүкеннің мекен-жайы және атауы, сауда үйлері, базардың атауы көрсетілген (сауда үйіндегі дүңгіршектің нөмірі, базардағы орнының нөмірі) және фискалдық түбіртекті бермеген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер бар болған жағдайда сыйақы төленеді.

Айта кетейік, видеоны App Store және Play market-тен тегін мобильді «Wipon» қосымшасын жүктеу арқылы жіберуге болады.

Шағымдарды жіберген кезде өзіңіздің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), ЖСН мен байланыс телефоныңызды қосымша көрсетіңіз. Бұл деректемелер фискалдық чек бермеген тұлғаны бұзушылық фактісі расталған және жауапкершілікке тартылған жағдайда сыйақы төлеу үшін қажет.

Фискалдық түбіртектерді http://consumer.oofd.kz сайтынан тексеруге болады.