Date of publication: 09.04.2020 12:45
Date of changing: 13.04.2020 14:53

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына!

Қазақстан Республикасын цифрландыру бағдарламасының басым бағыттарының бірі электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдана отырып, "АСТАНА-1" АЖ тауарларды электрондық декларациялау жүйесін енгізу жолымен кедендік үдерістерді автоматтандыру болып табылады.

"АСТАНА-1" ақпараттық жүйесінде кедендік декларациялау тәуекелдерді басқарудың автоматты жүйесін қолдана отырып жүзеге асырылады.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті СЭҚ қатысушыларына ыңғайлы болу үшін ақпаратты орналастыруды қайта бастады және 2020 жылдың 08 сәуірінен бастап "Алтынкөл" КБ арқылы және "Теміржол" КБ  арқылы "АСТАНА-1" АЖ кедендік рәсімдеуден өткен кедендік декларациялар бойынша мәліметтерді күн сайын орналастырады.

Ақпарат Департаменттің сайтында орналастырылған alm.kgd.gov.kz - "СЭҚ қатысушыларына" бөлімі -

1) "Алтынкөл" ТК рәсімделген тауарлар бойынша ақпарат"

2) "Теміржол" ТК рәсімделген тауарлар бойынша ақпарат"

 

Барлық сұрақтар бойынша телефондар арқылы хабарласа аласыз:

  1.  «Теміржол» КБ  - есепті жинау бойынша - Акмарал Жакуова – 87758797952,Транзит бойынша - Мухамеджанов Мухтар- 87781078567;импорт-40 бойынша  - Актымбаев Алмас - 87771212266;
  2.  «Алтынкөл» КБ -  Болатханов А. 8747 272 36 97, Кульбеков Т. 8777 300 04 43, Адетбеков Д. 8705 555 71 10.