Date of publication: 15.04.2016 09:40
Date of changing: 15.04.2016 09:41

2016 жылдың 3 айында Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі экономикалық қылмыстардын және «көлеңкелі» экономика саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың I-ші тоқсанында 266 экономикалық қылмыс анықталып, оның 134 қылмыс бойынша өндірісі аяқталып, 98 қылмыстық іс сотқа жолданған болатын.

Бюджеттік салада 57 заңбұзушылық анықталған, (оның 31 қылмыстық ісі мемлекеттік сатып алу саласында, мемлекеттік бағдарламалар саласында – 17, даму институттарында – 4 және тағы басқа салаларда 5 қылмыс анықталған болатын).

Жалған кәсіпкерлікпен күрес саласында 93 қылмыс тіркеліп, сотқа 62 қылмыстық іс жолданды.

Алкогольдік өнімнің заңсыз айналымына қарсы тұру саласында 9 қылмыстық іс тіркеліп, заңсыз спирттік өнім жасап келген 2 астыртын цехтің жұмысы әшкерленді.

Экономикалық контрабанда саласында 15 қылмыс тіркелді.

Мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы бағытында мұнай өнімдерін заңсыз сақтап және сатып келген 3 мұнай базасының жұмысы анықталды.

Авторлық және сабақтас құқық бұзушылығы саласында 14 заңбұзушылық анықталып, заңсыз айналымнан 2000 данадан аса DVD дискілер тәркіленген болатын.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру саласында 28 қылмыстық іс тіркеліп, көлеңкелі айналымнан 53 лотореялық терминалдар, 46 ойын автоматтары тәркіленген болатын.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал соммасы 1,5 млрд. теңгені құрап, оның 562,8 млн.теңгесі өндірілді, сонымен қатар 976,7 млн. тұратын мүліктерге шектеу қойылды.

Экономикалық қылмыстардың алдын – алуға бағытталған бірқатар профилактикалық шаралар ұйымдастырылды, оның ішінде мемлекеттік органдарға қылмыстар орын алдырмау үшін 187 ұсынымдар жолданған болатын.

Аудандық және облыстық деңгейлерде мемлекеттік органдар және бизнес ассоциацияларының өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңестер дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда республика бойынша мемлекеттік кірістер органдарының сенім телефоны жұмыс жасап тұр. Экономика саласындағы қылмыстарды анықталған жағдайда Алматы облысы бойынша МКД аудандық мемлекеттік кірістер басқарламарына немесе Экономикалық тергеу қызметіне 8 727 251-71-06, 1412 (қалалық телефоннан), 88000806452 (ұялы телефоннан) сенім телефондары арқылы хабарласуға болады. Тәуілік бойы!