Date of publication: 26.03.2020 17:36
Date of changing: 26.03.2020 17:37

Шағын және орта бизнес компаниялары үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босатылады

2020 жылғы 1 қаңтарда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ Кодексінің келесі нормалары күшіне енді.
Шағын және орта бизнес компанияларын үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босату бойынша
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заннына жана 57-4 бабы еңгізілді.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы
1 қаңтарға дейінгі кезеңде арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, төленуге жататын:
1) Салық кодекстің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа);
2) Салық кодекстің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасын;
3) Салық кодекстің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайтады деп белгіленсін.
Осы баптың мақсаттарында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген шарттарға сай келетін салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік субъектілері (микрокәсіпкерлік субъектілері) деп танылады.
Осы баптың жоғарыда көрсетілген ережелері келесі салық төлеушілерге қолданылмайды:
1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті;
2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
4) лотерея өткізуді;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;
6) радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті;
7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
8) аудиторлық қызметті;
9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;
10) кредиттік бюролардың қызметін;
11) күзет қызметін;
12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті;
13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;
14) пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті;
15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді;
16) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын.
 

Алматы облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы басқармасы