Date of publication: 06.03.2020 16:14
Date of changing: 06.03.2020 16:15

«ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу, тіркеу есебінен шығару»

 

                ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеудің және тіркеу есебінен шығарудың жалпы тәртібі Салық кодексінің (СК) – 82,83 және 85-баптарымен көзделген.

         Салық кодексінің ережелерімен ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою резидент-заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатқызылады, егер, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайда, ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 мың еселенген мөлшерін құрайды, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар орналасқан жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.

         Салықтық өтініш айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей мына тәсілдердің бірімен:

      1) өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште;

      2) электрондық нысанда беріледі.

Салықтық өтінішті электрондық нысанда беру туралы ереже тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.

         Салық органы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

         Салық кодексінің 82-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен:

         1) өзі келу тәртібімен, қағаз жеткізгіште;

         2) электрондық нысанда;

         3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру жолымен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару.

         Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті орналасқан жеріндегі салық органына, бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

         1) егер салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан аспаса;

         2) егер мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бергі кезеңі үшін салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан аспаса, беруге құқылы.

         Осы тармақтың ережесі өздеріне қатысты банкроттық рәсімі қолданылған салық төлеушілерге қолданылмайды.

Алматы облысы  бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.