
ТАҒАЙЫНДАУ
Алматы облысы Әкімінің өкімімен Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев Алматы облысы Әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Сәрсембаев Төлеген Қапсалықұлы Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша департаменттердің басшысы, Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары Әкімінің орынбасары болды.
2019 жылдың 14 мамырынан 2020 жылдың 02 наурызына дейін Т. Қ.Сәрсембаев - Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы.
Оның 29 жыл бойы өз еліне шексіз қызмет етуін, мамандығына және таңдаған ісіне адалдығын атап өту қажет.
Осы уақыт ішінде Т. Қ. Сәрсембаев біздің республикамыздың түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген жас, табысты мамандарға тәлімгер болды.
Алматы облысы бойынша МКД ұжымы Т. К. Сәрсембаевты жаңа тағайындалуымен құттықтап, Департамент қызметіне қосқан үлесін бағалап, оның адами қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттері, мақсаткерлік, ілтипат пен құрметін атап өтті.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Департамент жалпы рейтинг бойынша үшінші орынға және республика бойынша бюджеттің кіріс бөлігін орындаудан бірінші орынға ие болды.
Бюджеттің орындалуы бойынша болжамдық көрсеткіштер асыра орындалды. 2019 жылы мемлекеттік бюджетің кірістер жоспары 101,1% орындалды, түсім 509,3 млрд. теңгеге түсіп, жоспардан тыс 5,5 млрд. теңгеге артты. 2018 жылмен салыстырғанда 122,6 млрд.теңгеге артып, өсу қарқыны 131,7% құрады.
Департамент ұжымы өз басшысы Т.К.Сәрсембаевқа шын жүректен ризашылық білдіріп, Мемлекеттік кірістер департаменті мен облыс Әкімдігі арасында алдағы уақытта бірлескен жемісті жұмыс, біздің Алматы облысының игілігі мен өркендеуіне деген ниет білдіре отырып, оған шығармашылық табыс пен жаңа қызметте жетістіктер тіледі.
Өз кезегінде Сарсембаев Т.К. барлығына бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіріп, әрқайсысынаденсаулық, бақыт және өркендеу тіледі.