
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кәсіпкерлердің IV республикалық форумы өткізілді
27 ақпанда "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кәсіпкерлердің IV республикалық форумы өткізілді.
Форумда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2019 жылға арналған ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы талқыланды.
Сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында Мемлекет Басшысы қойған басты міндеттердің бірі халыққа және кәсіпкерлерге электронды форматта мемлекеттік қызмет көрсетуге толық көшу болып табылады. Қазіргі уақытта қызметтердің сексен пайыздан астамы электрондық түрде көрсетіледі.
"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, "Бірыңғай сатып алу порталы", "Бизнес реестр" мәселелері бойынша ынтымақтастықтың жаңа бастамаларының тұсаукесерін өткізді.
"Стратегия" Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы өткізген бизнес – қоғамдастықтардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік өлшемдері ұсынылды.
Шара соңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2020 жылға арналған ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қою рәсімі өтті.
Алматы облысында форумға бейне - конференцбайланыс арқылы өңірлік Кәсіпкерлер палатасының, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы және кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің басқа да мүшелері қатысты.
Алматы облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы